Мбаппе аргентиналық қақпашының мазағына жауап берді

Мбаппе аргентиналық қақпашының мазағына жауап берді
Футбол

Франция мен "Пари Сен-Жермен" құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 2022 жылғы әлем чемпионатының финалынан кейінгі аргентиналық қақпашы Эмилиано Мартинестің әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

"Бұл мәселенің маған қатысы жоқ. Мен мұндай пайдасыз нәрселерге күш-қуатымды жұмсамаймын", - деді шабуылшы.

2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін Аргентина ұлттық құрамасының чемпионатының шеруінде Мартинес Мбаппенің суреті бар қуыршақты қолында ұстап шықты.

2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы Франция құрамасын ұтты (3:3, пенальтилер – 4:2). 30 жастағы Мартинес турнирдің үздік қақпашысы жүлдесі – "Алтын қолғапқа" ие болды.