Коди Гакпо “Ливерпуль” ойыншысы атанды

Коди Гакпо “Ливерпуль” ойыншысы атанды
Футбол

“Манчестер Юнайтед” пен “Ливерпуль” командалары қатар қызығушылық нидерландтық шабуылшы Коди Гакпо мерсисайдтықтардың құрамын толықтырды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ойыншының клубқа заңды түрде ауысуы қысқы трансферлік кезең басталғаннан кейін, яғни қаңтар айында жүзеге асырылады. Гакпо “Ливерпульде” 18 нөмірлі жейдеде ойнайды. Бұл нөмірде Такуми Минамино, Дирк Кюйт, Альберто Морено, Йон Арне Риссе және Антонио Нуньес сынды футболшылар ойнаған. 

Коди Гакпо мен “Ливерпуль” арасындағы келісімшарт 2028 жылға дейін жалғасады. Кейбір деректерге сәйкес, клуб ойыншыға 42 млн еуроның көлемінде жалақы төлейді, ал бонустарды қосқанда бұл сома 50 млн еуроға жуықтайды. 

Еске салайық, 23 жастағы футболшы “ПСВ” сапында 20 ойын өткізіп, 13 гол соғып, 17 нәтижелі пас берген. Ал Катарда өткен әлем чемпионатында футболшы үш голдың авторы атанды.