Қазақстан жастар құрамасы Мальтаны ойсырата жеңді

Қазақстан жастар құрамасы Мальтаны ойсырата жеңді
Футбол

Sports.kz

2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан жастар құрамасы Мальтамен кездесті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Алматыдағы ойында алаң иелері қонақтардың қақпасына 4 доп соқты. Ал, Мальта құрамасы бір доппен жауап қатты. Осылайша Константин Горовенко футболшылары Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде үш ұпайды еншіледі. 

Қазақстан сапында Иван Свиридов қос голмен көзге түссе, Әділбек Жұмаханов пен Айбар Абдулла бір-бір голдан соқты.