Янник Синнер АҚШ ашық чемпионатының финалына шықты

Янник Синнер АҚШ ашық чемпионатының финалына шықты
Теннис

athletistic.com

Әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық теннисші Янник Синнер АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалында ұлыбританиялық спортшы Джек Дрейперді қапы қалдырды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Тартысқа толы матч 3 сағатқа созылды. Кездесу 7:5, 7:6 (7:3), 6:2 есебімен италиялық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Бұған дейін Синнер допинг қолданды деген күдікке ілінген. Алайда спортшыға санкция салынбады.

Айта кетейік, Янник финалда америкалық Тейлор Фрицпен басты жүлдені сарапқа салады.