Аргентина құрамасы өз қақпашысына қолдау білдірді

Аргентина құрамасы өз қақпашысына қолдау білдірді
Футбол

Аргентина құрамасының ойыншылары Анхель Ди Мария, Леандро Паредес пен Херман Песселья қақпашылары Эмилиано Мартинеске қолдау білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Футболшыларды Франция құрамасындағы 2018 жылғы әлем чемпионы Адиль Рамидің мәлімдемесі ашуландырды. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында 2022 жылғы әлем чемпионатының финалы аяқталғаннан кейінгі Мартинестің әрекетіне: «футбол әлеміндегі басты масқара» деп жазды. 

Ди Мария Рамиге былай деп жауап қатты: "Мартинес - әлемдегі ең жақсы қақпашы. Басқа жерге барып жыла", Леандро Паредес: "Наразылық білдіргеннен басқа ештеңе жоқ", деді. Ал Херман: "Бұл жерден кет, Рами", - деп қорытындылады.

Еске сала кетейік, финалдан кейін Мартинес француз шабуылшысы Килиан Мбаппе мен басқа да ойыншыларға қатысты бірнеше арандатушылық әрекеттер жасады.