Аргентина француз жанкүйерлерінің наразылығына жауап берді

Аргентина француз жанкүйерлерінің  наразылығына жауап берді
Футбол

Аргентина жанкүйерлері француз жанкүйерлерінің 2022 жылғы әлем чемпионатының финалын қайта ойнату үшін шығарған петициясына жауап берді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Аргентиналықтар оларға қарсы «Франция, жылауды тоқтат» деген петиция құрды.

«Әлем чемпионатының финалында жеңіске жеткенімізден бері француздар жылауын тоқтатқан жоқ. Олар Аргентинаның әлем чемпионы болғанын мойындай алмайды. Біз Франциядан наразылығын доғаруды және Лео Мессидің әлемдегі ең үздік екенін және Мбаппенің оның ұлы екенін мойындауын сұраймыз», - деген Оңтүстік Америкалықтар жазбасында.

Финалда Аргентина Францияны пенальтилер сериясында 4:2 есебімен жеңді. Ойын уақыты тең аяқталды – 3:3.