"Тур де Франс" тұңғыш рет Италияда басталады

Басқа

2024 жылы "Тур де Франс" велокөпкүндігі тұңғыш рет Италияда басталады, бұл әйгілі велошабандоздың жеңісіне бір ғасыр толуымен байланысты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

1924 жылы италиялық шабандоз Оттавио Боттеккья "Тур де Франс" веложарысының жеңімпазы атанған. Келесі жылы да (1925) италиялық спортшы жеңісті жолын жалғап, тағы бір мәрте чемпиондық атаққа ие болған. Биыл "Тур де Франс" велокөпкүндігін мансабында бірінші рет даниялық Йонас Вингегор жеңіп алды. Велошабандоздар Дания, Бельгия, Швейцария мен Франция елдері аймақтарында жүріп өтіп, мәре сызығын Елисей алаңдарында (Париж) кескен болатын.