Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-приде күміс жүлдеге ие болды

Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-приде күміс жүлдеге ие болды
Басқа

Спортты дамыту дирекциясы

Михаил Шайдоров Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирінде 2-орын алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық құраманың көшбасшысы қос жаттығудан кейін 276.17 балл жинады. Кеше Михаил қысқа бағдарламада 93.21 ұпай жинап, 2-орынға тұрақтаған. Бүгін еркін сайыста отандасымыз 182.96 балл алып, басымдығын сақтап қалды.

Еске сала кетейік, былтыр Шайдоров осы жарыстың қола жүлдегері атанған. Ерлер арасында Шун Сато (Жапония) 278.48 ұпаймен жеңіске жетті. Үздік үштікті француз Адам Сяо Хим Фа түйіндеді.

Биыл турнирге барлығы 15 елден 60 спортшы қатысты.