"Қорытынды жасаймыз". Андрей Скабелка Ресейге қарсы матчты қорытындылады
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Андрей Скабелка команданың Бірінші арна кубогында Ресейге (6:2) қарсы өткізген матчын қорытындылады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
- Қорғаныста көп нәрсе жүзеге асқан жоқ. Жас әрі шеберлігі мыты командамен ойнадық. Жақсы сәттер болды. Қызықты турнир. Біздің де біраз сұрақтарымызға жауап берді. Қорытынды жасаймыз. Бұл - ұлттық құраманың маусым барысында қатысатын жалғыз турнирі. Сондықтан әлем чемпионатына дайындық кезінде ақпарат береді.
- Даррен Дицтің, Джесси Блэкердің, Виктор Сведберг пен Кертис Волктың және өзге де ойыншылардың жоқтығы сезіле ме?
- Иә, әрине, сезіледі. Оны жоққа шығармаймын. Бірақ, бұл турнир ұлттық құрама сапында өнер көрсеткісі келетін жігіттерге берілген мүмкіндік. Біз мықты қарсыласпен ойнау арқылы олардың деңгейін көрдік.
- Турнирдегі екі матчтан қандай позитвиті қорытынды шығаруға болады?
- Ұлттық құрамаға шақырту алуға лайықта бірнеше ойыншыны байқадық. Олар жақсы ойын көрсетті. Бұл - қуантарлық жағдай. Әрине, әлем чемпионатында команда бүгінгіден өзгеше болады, ондағы қарсыластар да бөлек.
- Аркадий Шестаковтың жайы қалай? Алаңда қарсыласымен соқтығысып қалғаннан соң, біразға дейін орнынан тұра алған жоқ.
- Бәрі жақсы, тек кішігірім жарақат алды. Нижнекамскідегі ойынға дейін қалпына келіп үлгереді деп ойлаймын.
- Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін хоккейшілер туралы не айтасыз?
- Александр Борисевич пен Артем Лихотниковтің ойындары ұнады. Олардың Ресей құрамасына қарсы қалай ойнайтынын көру біз үшін маңызды болды. Жаман емес.
- Ал Кирилл Полохов?
- Кирилл Полохов шыңдалған. Біз 5 жыл бұрын бірге жұмыс істедік.
- Басқа турнирлерге қатысу жоспарда бар ма?
- Күнтізбеде бос уақыт жоқ. Әлем чемпионатының алдында, сәуірдің соңы мен мамырдың басында қорытынды кездесулер өткізуді жоспарлап отырмыз.
- Осы маусымда Никити Михайлис жанкүйерлер тарапынан көп сынға қалып жүр. Бүгін екі нәтижелі пас жасады. Оның ойынына қандай баға бересіз? Ұлттық құраманың көшбасшысына айналып келе жатыр ма?
- Бұлай айтуға әлі ерте. Оның сенімділігі артып келеді. Өз ойынымен "Барысқа" да, Қазақстан ұлттық құрамасына пайда әкеледі деп үміт етемін.