Қазақстан ұлттық құрамасының 3х3 турнирде Ресейге қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы тарихта тұңғыш рет "3х3" форматтағы турнирге қатысады. Қарсылас - Ресей құрамасы. Бапкерлер команданың бүгінгі ойынға арналған құрамын бекітті. Ал "Барыс" қорғаушысы Самат Данияр команданың "3х3" турнирдегі капитаны атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Бояркин (Каратаев)
Панюков - Шайхмедденов - Орехов
Шевченко - Борисевич - Полохов
Рахманов (А) - Мұратов - Данияр См. (К)
Мухаметов - Лихотников (А) - Нұрғалиев
Бапкерлер: Федор Полищук, Александр Шимин
Құрамалар 7 минуттан 3 кезең ойнайтынын және ойын құрамына 2 қақпашы мен 12 алаң ойыншысы енетінін еске сала кетейік. Бұл турнирде айып уақытының орнына буллит соққысы тағайындалады. Матч есебі тең аяқталған жағдайда, жеңімпаз буллиттер сериясы арқылы анықталады.