Ұлттық құрамадағы міндет-мақсаттар мүлдем бөлек - Андрей Скабелка

Ұлттық құрамадағы міндет-мақсаттар мүлдем бөлек - Андрей Скабелка
Хоккей

"Бірінші арна кубогы" турниріндегі Қазақстанның Беларуське қарсы өткізген ойынынан кейін (4:1), ұлттық құраманың бас бапкері Андрей Скабелка матчты қорытындылады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Алғашқы екі кезеңде Беларусь құрамасы бізден жылдамырақ болды. Мүмкіндіктеріміз бола тұра, жеңіл шайбалар жіберіп алдық. Үшінші кезеңде өз ойынымызды тапқандай болдық. Жылдам ойынымыздың арқасында сан басымдығында ойнадық. Бірақ, шабуылдарды нәтижелі аяқтап, ойынды овертаймға ұластыра алмадық.

- Кирилл Панюков, Валерий Орехов, Алексей Маклюков, Павел Акользин сынды ойыншылар ҚХЛ топ клубтарына ауысып, жақсы ойын өрнеггін көрсетіп жүр. Олардың ақзіргі дейңгейіне қандай баға бересіз?

- Олар ауысқан кезде, клубтар бірдей деңгейде болды. Жігіттер дамып жатыр. Алайда Валериц Орехов соңғы матачтарда көп ойнаған жоқ. Кирилл Панюков те «Ақ Барстың» біраз ойынына қатыспай жүр. Бірақ, олардың клубтарында атқаратын рөлдері әртүрлі. Бәріне гол соғу деген міндет қойылмайды. Мәселен, Павел Акользин. Олар командасының қоятын талабын жақсы орындауы мүмкін, алайда ұлттық құрамадағы міндет-мақсаттар мүлдем бөлек. Бірақ, олардың ойыншы ретінде өсіп, шеберілктері артып жатқаны шындық. Алексей Маклюковтың бойынан жақсы прогресс байқалады.