«Қайрат» футзалдан Қазақстан чемпионы атанды

«Қайрат» футзалдан Қазақстан чемпионы атанды
Футзал

фото: AFC KAIRAT FUTSAL

Алматылық «Қайрат» 2025/2026 жылғы маусымда футзалдан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанып, алтын медальдарды иеленді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Финалдық серияның шешуші бесінші кездесуі Семей қаласында өтті. Ойынға дейін сериядағы есеп тең болды — 2:2.

Кездесу қарқынды басталып, үшінші минутта Эдсон Сантос қонақтарды алға шығарды. Алайда тоғызыншы минутта Камиль Герейханов таразы басын теңестіріп, алғашқы тайм 1:1 есебімен аяқталды.

Екінші таймда Жулио Заноттоның голының арқасында «Қайрат» қайтадан алға шықты. Бірақ матчтың 33-минутында Кандидо есепті 2:2-ге жеткізіп, ойын қосымша уақытқа ұласты. Чемпион тағдыры қосымша уақыттың алғашқы бөлігінде шешілді. Бірінші экстра-таймның аяқталуына аз уақыт қалғанда Біржан Оразов алыстан бағыттаған соққысымен «Семейдің» қақпасын дәл көздеп, алматылық клубқа 3:2 есебімен жеңіс пен Қазақстан чемпионы атағын сыйлады.