Қазақстанның "3х3" турниріне қатысатын құрамы анықталды

Қазақстанның
Хоккей

16 желтоқсан күні Мәскеуде "Бірінші арна кубогы" аясында Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қытай құрамаларының арасында "3х3" форматтағы турнир өтеді. Жарыста Қазақстан намысын қорғайтын 15 хоккейшінің есімі белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Хоккей и Lysenkov TV" Telegram арнасына сілтеме жасап. 

Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Никити Бояркин ("Барыс"), Денис Каратаев ("Сарыарқа").

Қорғаушылар: Кирилл Полохов ("Арлан"), Эмиль Нұрғалиев ("Номад"), Валерий Орехов ("Металлург Магнитогорск"), Самат Данияр ("Барыс"). 

Шабуылшылар: Максим Мухаметов ("Номад"), Александр Борисевич ("Сарыарқа"), Кирилл Панюков ("Ақ Барс"), Артем Лихотников ("Арлан"), Михаил Рахманов ("Барыс"), Батырлан Мұратов ("Барыс"), Аңсар Шайхмедденов ("Барыс"), Дмитрий Шевченко ("Барыс").