Франция - Марокко немесе Аргентинаның қарсыласы кім болмақ

Франция - Марокко немесе Аргентинаның қарсыласы кім болмақ
Футбол

Футболдан Катардағы әлем чемпионаты шешуші сәтке тағы бір табан жақындай түсті. Бүгін әлем біріншілігінің жартылай финалы аясында Марокко мен Франция құрамалары кездеседі, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Аргентинаның фмналдағы қарсыласын анықтайтын матч Астана уақытымен түнгі 01:00-де басталады. Ойынның тікелей көрсетілімін “Qazaqstan” және “Qazsport” телеарналары ұсынады. 

Марокко жартылай финалға Португалияны, ал Франция Англия жеңу арқылы шыққанын еске сала кетейік. Ал екі команданың біреуінің финалда қарсыласы болатын Аргентина құрамасы Хорватияны 3:0 есебәмен жеңіп, Әлем кубогы иегері атануға тағы бір қадам жақындады.