Роналдудың ұлттық құрамадан кетер ойы жоқ

Роналдудың ұлттық құрамадан кетер ойы жоқ
Футбол

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтайтын ойы жоқ, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "CM Jornal" басылымына сілтеме жасап. 

Келер жылы 38 жасқа толатын танымал ойыншы Португалия ұлттық құрамасына әлі пайдасын тигізетініне сенімді әрі Фернанду Сантуш бас бапкер қызметінен кетпесе де, командада қалуға ниетті. Роналду өзінің физикалық қалпы өте жақсы деңгейде емес екенін түсінеді және оған маусым алдында "Манчестер Юнайтедпен" бірге оқу-жаттығу жиындарына қатыспауы, соңғы айларда бастапқы құрамнан тыс қалуы себеп деп санайды. 

Португалия ұлттық құрамасы Мароккодан жеңіліс тауып, 2022 жылғы әлем чемпионатын 1/4 финалда аяқтағанын еске сала кетейік. Ал Криштиану Роналду болса,  Мундиальдағы соңғы екі ойында да бастапқы құрамға енбей, матч аяқталар сәтте ғана алаңғы шыққан болатын.