Ресей командасының құрамында өзгерістер орын алды

Ресей командасының құрамында өзгерістер орын алды
Хоккей

15-18 желтоқсан күндері өтетін Бірінші арна кубогына қатысатын Ресей командасының құрамында өзгерістер орын алды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында жарақат алған шабуылшылар Артур Каюмов ("Локомотив"), Владимир Ткачёв ("Авангард"), Анатолий Голышев ("Автомобилист"), Николай Коваленко ("Торпедо") мен Марат Хайруллин (СКА) турнирге қатыса алмайды. Олардың орнына Михаил Григоренко (ЦСКА), Сергей Толчинский ("Авангард") мен Ярослав Лихачёв ("Амур") құрама команда сапына шақырту алды. 

Мәскеудегі турнирде Қазақстан, Ресей мен Беларусь құрамалары бақ сынайды. Сондай-ақ жарыс аясында құрамалар 3х3 турнирінде өнер көрсетеді.