Қазақстан - Дания: жолдастық кездесудегі жеңіс. Дінмұхамед Қайыржан 5 ұпай еншіледі

Қазақстан - Дания: жолдастық кездесудегі жеңіс. Дінмұхамед Қайыржан 5 ұпай еншіледі
Хоккей

Шайбалы хоккейден Қазақстанның 20 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2022 жылғы ІА дивизионындағы әлем чемпионатына дайындық барысында Данияның жастар құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

20 жасқа дейінгі Қазақстан құрама командасы Данияны 5:2 есебімен жеңіп, әлем біріншілігіне дайындығын пысықтады. Ұлттық құрама сапынан Дінмұхамед Қайыржан, Кирилл Никитин, Климентий Царёв, Всеволод Логвин және Даниил Цыбин өз есептеріне бір шайбадан жазды. Оған қоса, Дінмұхамед Қайыржан Қазақстан Дания қақпасына соққан 5 голдың бәріне атсалысып, бір ойында 5 (4+1) ұпай еншіледі. 

Қазақстан - Дания 5:2 (1:0, 1:2, 3:0)

1:0 - Қайыржан  СБШ 

2:0 - Никитин (Қайыржан, Бреус) 

2:1 - Линде (Ниблинг)  СБШ

2:2 - Алмквист (Санд, Ниблинг) СБШ

3:2 - Царёв (Қайыржан) СБШ

4:2 - Логвин (Қайыржан) 

5:2 - Цыбин (Қайыржан) СБШ

Қақпашылар: Шефер - Андерсен

Жастар арасындағы әлем чемпионаты ІА дивизионы 11 желтоқсан күні басталады. Ол күні Қазақстан құрамасы Франциямен ойнайды.