Виктор Сведберг Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды

Виктор Сведберг Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды
Хоккей

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының, Құрлықтық хоккей лигасындағы "Авангард" командасының қорғаушысы Виктор Сведберг "Бірінші арна кубогы" халықаралық турнирінде өнер көрсете алмайды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Хоккейная правда" Telegram парақшасына сілтеме жасай отырып.

"Авангард" қорғаушысы Виктор Сведберг жарақат алуына байланысты алдағы ойындарға қатыса алмайды. Ол Жаңа жылдан кейін ғана айдынға оралады деп күтіліп отыр, - деп жазылған Telegram парақшада.

Демек, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы 15-18 желтоқсан күндері Мәскеуде өтетін "Бірінші арна кубогында" өнер көрсетпеуі мүмкін. Одан бөлек, Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайтында Виктор Сведберг жарақат алғандар тізімінде тұр. 

"Бірінші арна кубогында" Қазақстан Ресей және Беларусь ұлттық құрамаларымен сынға түседі.