“Астана” ойыншысы Бірыңғай ВТБ лигасы маусымдық рекордын жаңартты
Бірыңғай ВТБ лигасының тұрақты аясында “Астана” сырт алаңда мәскеулік “МБА” клубымен кездесіп, 22 ұпай айырмашылығымен - 81:59 есебімен жеңілді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл астаналық клубтың осы маусымдағы қатарынан 10-жеңілісі. Десе де, жеңілістің ащы дәмін татқанына қарамай, астаналық клуб ойыншысы Майкл Майерс лига маусымы рекордының иесі атанды.
Осы кездесу қазақстандық баскетболшы 18 рет допқа иелік еткен (rebound). Оның 14-і шабуылда болса, төртеуі қорғаныста жасалған. Бұл лиганың биылғы маусымдағы үздік көрсеткіші ғана емес, спортшы мансабындағы да жаңа рекорд.
Осы матчта Майкл Майерс 15 ұпай еншілеп. 3 пас берген.
Бұған дейін допқа иелік етудің маусымдағы үздік көрсеткіші (15) “Енисей” ойыншысы Владислав Трушкинге тиесілі еді. Шабуылшы 24 қараша күні осы нәтижеге қол жеткізген.