Мбаппе сыраны жарнамалаудан бас тартқаны үшін 10 мың еуро төлейді

Мбаппе сыраны жарнамалаудан бас тартқаны үшін 10 мың еуро төлейді
Футбол

Килиан Мбаппе Катардағы әлем чемпионаты барысында кездесудің үздік ойыншысына міндеттелетін сұхбатқа келмегені үшін айып төлейді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.


Франция құрамасының шабуылшысы Киллиан Мбаппе топтық кезеңде Австралия және Дания өткен ойындардың үздік футболшысы деп танылды. Сонымен қатар, ПСЖ футболшысы Польшамен болған 1/8 финал кездесуінен кейінде үздік деп аталды.


Кездесудің үздік ойыншысына тағайындалған жүлденің демеушісі сыра компаниясы болғандықтан Мбаппе сұхбаттан бас тартуы мүмкін деген ақпарат шықты. Бірінші жағдайдан кейін Франция футбол федерациясына ауызша ескерту жасалған. Осы жағдай қайталанғандықтан федерацияға 10 200 еуро ауыппұл салынды. Польшамен болған ойыннан кейін Мбаппе айыппұлды өзі төлеп беретінін айтты.