"Астана" кезекті рет жеңіліс тапты

Баскетбол

ВТБ Бірыңғай лигасы тұрақты маусымы аясында "Астана" баскетбол клубы Санкт-Петербургте "Зенитпен" кездесіп, 88:66 есебімен жеңілді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Астана" бірінші ширекте Лиганың чемпион командасымен тең дәрежеде өнер көрсетіп, 23:22 есебімен жеңілген. Ал матчтың екінші бөлігінде екі есе ұпай айырмашылығымен ресейлік клуб алда тұрды. Соңғы екі ширекте "Зенит" 2-3 ұпаймен ғана басымдыққа ие болды. Десе де, бұл елордалық клубтың жеңіске жетуіне көмектескен жоқ. 

"Зенит" - "Астана" 88:66 (23:22, 31:14, 18:15, 16:15).

Астаналық клуб сапында Майкл Майерс 17 ұпай жинап, ең нәтижелі ойыншы атанды. Даниил Аксенов 16 ұпай еншілесе, Олег Балашов 10, Роман Марчук 9, Рустам Мурзагалиев 6, Вадим Щербак пен Асқар Майдекин 3 ұпайдан, ал Максим Марчук 2 ұпай иеленді. 

"Астана" 7 желтоқсан күні мәскеулік "МБА" баскетбол клубымен кездеседі.