Жақында кездесеміз: Жәнібек Әлімханұлы жұртты елең еткізді

Жақында кездесеміз: Жәнібек Әлімханұлы жұртты елең еткізді
Бокс

x.com/qazaqstyle

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жек қарсаңында жанкүйерлеріне ерекше үндеу жолдады, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық боксшы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында қарсыластарын нокаутпен жеңген сәттерінен құралған бейнежинақ жариялады. Ол әсерлі видеоны қысқа ғана жазбамен толықтырды.

«Жақында кездесеміз», – деп жазды Әлімханұлы. 

Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) президенті Густаво Оливьери Жәнібек Әлімханұлы мен даниялық Якоб Банк (20-0, 11 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты келісім жасалғанын ресми түрде растаған болатын.

Оның айтуынша, екі боксшының командасы WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы бос тұрған әлем чемпионы атағы үшін кездесудің барлық шарттарын келіскен. Ұйым екі тараптан да келісімге қол жеткізілгені жөнінде жазбаша хабарлама алған.