Лионель Месси тағы бір рекордтың иесі атанды

Лионель Месси тағы бір рекордтың иесі атанды
Футбол

Футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңі 1/8 финалының Аргентина мен Аустралия құрамалары (2:1) арасындағы кездесуде оңтүстік америкалық команданың шабуылшысы Лионель Месси тағы бір рекордтың иесі атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Лионель Месси осы матчтың үздік ойыншысы атанды. Футболшы бұған дейінгі әлем чемпионаттары матчтарында жеті рет "Үздік ойыншы" атағын алған, ал Аустралиямен болған ойын оған сегізінші рет командасының ең пайдалы ойыншысы атануға мүмкіндік берді. Жаһанның ешбір футболшысы бұрын-соңды сегіз рет матчтың MVP тұлғасы атанып көрмеген. 

Сондай-ақ Аустралиямен болған ойын Мессидің кәсіби мансабындағы 1000-ойыны болатын. Одан бөлек, футболшы бұған дейін әлем чемпионаты плей-офф кезеңдерінде гол соқпаған екен. Аустралиялықтардың қақпасына соғылған алғашқы гол - Мессидің жаһан біріншілігінің плей-офф кезеңдерінде соққан алғашқы голы. 

Аустралияны жеңген Аргентина құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Олардың келесі қарсыласы - Нидерланд құрамасы.