«Тұран» футбол командасы ҚПЛ-ге жолдама алды

«Тұран» футбол командасы ҚПЛ-ге жолдама алды
Футбол

«Тұран» футбол клубы

Футболдан Бірінші лиганың биылғы маусымында Премьер-лигаға жолдама алған екінші команда белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгін мұндай мүмкіндікке Түркістанның «Тұран» клубы қол жеткізді. Турнир кестесінде 4-орында келе жатқан Шымкенттің «Академия Оңтүстік» командасы сырт алаңда Қарағандының «Шахтеріне» 0:2 есебімен жол берді. Енді олар үздік үштікті түйіндеп тұрған «Тұранға» қуып жете алмайды. Нәтижесінде түркістандық клуб екі тур бұрын Премьер-лига жолдамасына қол жеткізді.

Турнир кестесінде 2-орында тұрған «Қайрат-2» фарм-клубы жарыс ережесіне сәйкес Премьер-лигаға шыға алмайды. Сондай-ақ бұған дейін «Шахтер» алдағы жылы үздіктер қатарына қосылуға жолдама алып үлгерген еді.