Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен тең түсті

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен тең түсті
Футбол

ҚФФ

Футболдан UEFA Ұлттар лигасының төртінші турында Қазақстан құрамасы елордада Фарер аралдарымен кездесті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Қонақтар сапынан ойынның 22-минутында Петр Кнудсен гол соғып, Фарер аралдарын есепте алға шығарды. Матчтағы екінші голды да Эйдуе Клакстейн жаттықтыратын құраманың футболшысы салды. 63-минутта Геза Давид Туридің бағыттаған добы қақпа торында тулады. Алайда қонақтардың сапынан 65-минутта Мартин Агнассон ереже бұзып, алаңнан қуылды. Осыдан соң қазақстандықтар шабуылды үдетті. Қос қорғаушымыз Сергей Малый мен Нұралы Әліп айналдырған 10 минуттың ішінде бір-бір голдан соғып, таразы басын теңестірді. 

Осылайша Қазақстан құрамасы кезекті мәрте Фарер аралдарымен тең тарқасты.