Ұлттар лигасы: Франция құрамасы жаңа рекорд орнатты
©x.com/equipedefrance
Франция ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі 4-турда Бельгияны 4:1 есебімен жеңіп, бірнеше тарихи көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Зинедин Зидан шәкірттері 77-минутқа дейін жеңіліп жатқан. Алайда матчтың соңғы бөлігінде француздар 4 гол соғып кетті. Францияның жаңа рекорды
Opta мәліметінше, Франция футболшылары қарсыластың айып алаңында допқа 76 рет жанасқан. Бұл – статистика жүргізіле бастаған соңғы 20 жылдағы Франция құрамасының жаңа рекорды. Салыстырмалы түрде, Бельгия футболшылары Францияның айып алаңында допқа небәрі 8 рет жанасқан. Сонымен қатар француздар 2021 жылғы 7 қазаннан бері алғаш рет бірінші таймнан кейін есепте ұтылып жатып, матчта жеңіске жетті.
40 жылда болмаған нәтиже
Франция құрамасы Бельгия қақпасына бір матчта 4 голды соңғы рет 1986 жылы соққан еді. Осылайша, «үш жолақты» команда қарсыласымен кездесуде мұндай нәтижені араға 40 жыл салып қайталады. Сондай-ақ Франция Бельгияға қарсы ресми матчтардағы қатарынан сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Екі құраманың өзара кездесулеріндегі жалпы жеңіс саны бойынша да француздар алғаш рет алға шықты – 31:30.