Бокстан ерлер арасындағы ел чемпионаты бастау алды

Бокстан ерлер арасындағы ел чемпионаты бастау алды
Бокс

Бүгін Павлодарда бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, жарыс 9 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Биылғы ел біріншілігіне 3 ірі қала мен 17 облыстың 216 былғары қолғап шебері сынға түседі және ІВА ережесі бойынша 13 салмақ дәрежесінде (48, 51, 54, 57, 60, 63, 63,5, 67, 71, 75, 80, 86, 92, 92+ келі) ел чемпиондары мен жүлдегерлері анықталады. Қазақстан чемпионатына 2004 жылға дейін дүниеге келген спортшылар қатыса алады. Жекпе-жектерде 20-ға жуық төреші қызмет етеді.