"Барыс" сырт айдында екінші жеңісіне қол жеткізді
"Барыс" ХК. Сурет: "Барыс" ХК баспасөз қызметі
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті ойынын астаналық "Барыс" Хабаровскіде жергілікті "Амурмен" кездесіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ойынның алғашқы кезеңі нәтижелі шабуылсыз өтсе, екінші жиырма минуттықта Кирилл Савицкий мен Дінмұхамед Қайыржаннан пас алған Әлихан Өмірбеков есеп ашты. Екінші кезеңнің аяқталуына 32 секунд қалғанда Майкл Веккьоне сан басымдығын жүзеге асырды. Ойын соңына қарай 88-нөмірлі жейдедегі "Барыс" шабуылшысы қарсыластың бос қақпасын дәл көздеп, дубль авторы атанды.
"Амур" - "Барыс" - 0:3 (0:0, 0:1, 0:2)
0:1 - 21:43 - Өмірбеков (Қайыржан, Савицкий) СБШ
0:2 - 39:28 - Веккьоне (Уолш, Томпсон) СБШ
0:3 - 58:51 - Веккьоне (Масси, Морелли) БҚ
Қақпашылар: Дорожко - Бояркин
Енді астаналық команда Владивостокта "Адмиралмен" екі кездесу өткізеді.
Айта кетейік, 5 наурызда Михаил Кравец бастаған команда плей-офф кезеңінде ойнау мүмкіндігінен айырылған болатын.