Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының жартылай финалына шықты
Қысқы спорт
Ербол Хамитов. Сурет: ҚР ҰПК баспасөз қызметі
Италияда өтіп жатқан XIV қысқы Паралимпиада ойындарының пара шаңғы жарысында Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Ербол Хамитов жартылай финалға шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Отандасымыз LW12 классында 1500 метр қашықтықтағы классикалық спринт жарысын 2 минут 14 секундта жүгіріп, мәрені алтыншы болып кесті және жартылай финалға жолдама алды.
Осы сында сайысқа түскен тағы бір жерлесіміз Юрий Березин жарысты отыз бірінші орында аяқтады.
Пара шаңғы жарысының жартылай финалдық бәсекесі Астана уақытымен сағат 16:26-да басталады.