Әлем чемпионатында тұңғыш рет әйел адам бас төреші болды

Әлем чемпионатында тұңғыш рет әйел адам бас төреші болды
Футбол

Катардағы әлем чемпионатында тағы бір тарихи оқиға тіркелді. Әлем чемпионатының топтық кезеңінің қорытынды турында Коста-Рика мен Германия құрамалары арасындағы матчта тұңғыш рет әйел адам бас төреші болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.


Франциялық Стефани Фраппар матчтың бас төрешісі болса, Карен Диас Медина (Мексика) мен Неуза Бак (Бразилия) оның көмекшілері болды. Бұл - ерлер арасындағы әлем чемпионатында төрешілер құрамы әйелдерден жасақталған алғашқы жағдай. Ал ойындағы төртінші көмекші міндетін Саид Мартинес (Гондурас) атқарды. Бұған дейін Стефани Фраппар осы әлем чемпионатында екі рет, атап айтса, Португалия - Гана және Мексика - Польша матчтарында төртінші төреші болып тағайындалған.