Қазақстандық таеквондошылар Парижде қолаға қол жеткізді

Қазақстандық таеквондошылар Парижде қолаға қол жеткізді
Басқа

Таеквондодан Қазақстан құрамасы Париждегі French Open рейтингілік турнирінде екі рет жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әзірет Дүйсенбек пен 58 келіде бақ сынаған Аманбол Бегімбетов жарыстың қола жүлдесін еншіледі. Сөйтіп, қазақстандық спортшылар халықаралық турнирдің жүлдегерлері қатарынан көрінді.