27 жастағы ирандық жанкүйерді ұлттық құрама жеңілісінен кейін атып тастады
Футбол
27 жастағы ирандық жанкүйер Мехран Самакты ұлттық құрама АҚШ-тан жеңілген соң атып тастады, деп жазады The Guardian басылымына сілтеме жасаған Bassport.kz.
Оқиға Иранның Энзели қаласында болған. Самак ирандықтар АҚШ командасынан ұтылған соң дереу көліктің сигналын басқан. Кейін оны осы әрекеті үшін қауіпсіздік өкілдері басынан атып тастады.
Айта кетелік, Иран командасы үш ұпаймен В тобында үшінші орын иеленіп, плей-офф кезеңінен сырт қалды. Бұл топтан Англия және АҚШ құрамалары келесі айналымға өтті.