"Команда "Трактордың" қысымына шыдады" - Андрей Скабелка

Хоккей

«Трактор» - «Барыс» (1:4) матчынан кейін "Барыс" хоккей клубының бас бапкері Андрей Скабелка командасының ойынына баға беріп, қорытынды жасады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

- Жылдам соққан шайбамыз көмектесті. Команданың жеңіске деген ынтасы күшті болды, бірақ осы гол өзімізге деген сенімділігімізді арттыра түсті. Жақсы ойын көрсеттік, қорғанысқа қайтуға да үлгеріп отырдық. Қақпамызға гол жіберіп алғаннан кейін, «Трактор» ойынды біздің аймағымызға ауыстыра білді, алайда жігіттер қысымға шыдады және үшінші кезеңде ойын тізгінін өз қолдарына алды. Жеңіс үшін жігіттерге рақмет. Алға қарай жүруді жалғастырамыз.

- Бұл ойынның «Барыс» үшін маңызы зор болғаны белгілі. Қазір сегізінші орынға көтерілдіңіздер, «Трактор» 9-орынға түсті. Екі сан басымдығын жүзеге асыру жеңіс себепшісі болды ма?

- Олай деуге де болады. Бұл – ойынның маңызды бөлігі. Біз артық құрамда өзіміз қалағандай көп гол соға бермейміз. Сан басымдығын жүзеге асырудың жеңіске бір табан жақындата түсетіні сөзсіз.