"Бір-біріміз үшін ойнауды жалғастырамыз": "Барыстың" киім ауыстыратын бөлмесінен жеңістен кейінгі дәстүрлі бейнежазба жарияланды

Хоккей
Құрлықтық хоккей лигасының кезекті тур ойындарында астаналық "Барыс" сырт айдында "Трактормен" кездесті. 1:4 есебімен жеңіске жеткен қазақстандық команда үш ойыннан тұратын жеңілістер сериясын үзіп, плей-офф аймағына енді. Осы жеңісті матчтан кейін "Барыстың" киім ауыстыратын бөлмесінен дәстүрлі бейнежазба жарияланды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.