Қазақстан құрамасы өз алаңында Фарер аралдарымен кездеседі
Футбол
ҚФФ
Бүгін, 6 қазанда Қазақстан футбол құрамасы УЕФА Ұлттар лигасындағы кезекті кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ойын Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді.
Матч Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, үш турдан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде бір ұпай бар. Ұлттық құрама топта төртінші орында келеді. Ал Фарер аралдары үш ұпаймен үшінші сатыға жайғасқан.
Екі команда осы Ұлттар лигасының бірінші турында Фарер аралдарында кездескен болатын. Торсхавнда өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды.