Әлем чемпионатында алғашқы плей-офф жұптары белгілі болды

Әлем чемпионатында алғашқы плей-офф жұптары белгілі болды
Футбол

Футболдан Катардағы әлем чемпионатының А және В топтарындағы ойындар аяқталып, екі квартеттен плей-офф кезеңіне өткен командалар белгілі болды және ол біріншіліктің 1/8 финалында бір-бірімен кездесетін жұптарды анықтады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

3 желтоқсан күні Нидерланд пен АҚШ құрамалары, ал 4 желтоқсанда Сенегал мен Англия құрамалары кездеседі. 

Плей-офф кезеңіне жолдама алған өзге үш команда, Франция, Бразилия мен Португалия құрамаларының қарсыластары кейін белгілі болады.