7 команда плей-офф кезеңіне жолдама алды

7 команда плей-офф кезеңіне жолдама алды
Футбол

Футболдан әлем чемпионатының 3-тур ойындары плей-офф кезеңіне нақты жолдама алған командаларды анықтап, алғашқы жұптар да белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Нидерланд құрамасы жарыс иесі Катардя 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. Қызғалдақ гүлі елінің сапынан Коди Гакпо (26’) мен Френки де Йонг (49’) көзге түсті. 

Сенегал елі Эквадорды 2:1 есебімен тізе бүктіріп, араға 20 жыл салып өз тарихында екінші рет әлем біріншілігінің плей-офф кезеңіне өтті. Сарр (44’) мен Кулибалидің (70’) голдары африкалықтардың жеңіске жетуіне көмектесті. Сөйтіп, А тобынан Нидерланд пен Сенегал құрамалары келесі кезеңге өтті. 

Ал Уэльске үш жауапсыз гол соққан Англия құрамасы (Рашфорд - дубль (50’ және 68’), Фоден (52’) мен Кристиан Пулишичтің (38’) Иран қақпасына бағыттаған нәтижелі соққысының арқасында АҚШ 1/8 финалға жолдама алды. В тобы квартетінен Англия мен АҚШ құрамалары плей-офф кезеңінде бақ сынайды. 

Одан бөлек, Франция, Бразилия мен Португалия құрамалары плей-оффқа жолдама алды.