Қазақстан мен Индонезия футболды дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Индонезия футболды дамыту мәселелерін талқылады
Футбол

ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов Индонезия Спорт және жастар саясаты министрлігінің Шри Ваниуни бастаған делегациясымен, сондай-ақ Индонезияның Қазақстандағы елшісі Мохамад Фаджрул Рахманмен кездесу өткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

ҚФФ кеңсесінде өткен кездесуде тараптар Индонезия мен Қазақстанда футболды дамытуға қатысты көптеген мәселелерді талқылады.

Спорттық медицина саласында тәжірибе алмасу және спорттық құрал-жабдықтар өндіру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, әртүрлі жас арасындағы ұлттық құрамалар арасында жолдастық матчтар өткізу мәселелері қаралды.

Федерация президенті Әділет Барменқұлов тараптардың спорт шеңберіндегі ынтымақтастығы зор әлеуеті бар елдер арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға септігін тигізеді деген үмітін білдірді.

Делегация басшысы Шри Ваниуни қазақстандық тарапын келесі жылы Индонезияда өтетін 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы футболдан әлем чемпионатына шақырды. Айта кетейік, бұл ФИФА-ның осы елде өтетін алғашқы турнирі.