Киреев пен Мухин бастаған спортшылар әлем кубогына қатысады

Киреев пен Мухин бастаған спортшылар әлем кубогына қатысады
Қысқы спорт

Биатлоннан 29 қараша күні басталатын әлем кубогы кезеңінде, IBU кубогында және жасөспірімдер арасындағы IBU кубогында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың құрамы белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.  

Финляндияның Контиолахти қаласында өтетін әлем кубогы кезеңіне Анастасия Кондратьева, Людмила Ахатова, Сергей Сирик, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Александр Мухин барады. 

Швецияның Идре қаласында өтетін IBU кубогы кезеңінде Надежда Пивоварова, Алина Скрипкина, Кристина Титиевская, Полина Егорова, Кирилл Бауэр, Иван Дарьин, Даинл Белецкий мен Бекентай Тұрлыбеков Қазақстан намысын қорғайды. 

Италияның Валь Мартелло қаласында 8 желтоқсан күні басталатын жасөспірімдер арасындағы IBU кубогы кезеңінде Егор Гребенщиков, Никита Акимов, Вадим Куралес, Руслан Амурлаев, Данил Червенко. Мария Польдяева, Арина Крюкова, Ксения Долгоповалар өнер көрсетеді. 

Денсаулық және жеке өмірі жағдайларына байланысты Елизавета Белецкая, Дарья Климина мен Галина Вишневская биылғы маусымға қатыспайды.