Аргентина алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Аргентина алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Футбол

Катардағы доп додасының жетінші күнінде С тобындағы Аргентина мен Мексика құрамалары кездесіп, оңтүстік америкалықтар әлем біріншілігіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Аргентина - Мексика - 2:0

64’ Лионель Месси (1:0)

87’ Энцо Фернандес (2:0) 

Бұл екі команданың жасыл алаңда 33 рет бетпе-бет кездесуі. Аргентина 17 рет жеңсе, Мексика 4 рет айласын асвра білген. Ал 12 матчта қос құрама тең тарқасқан.