"Ақтөбе" футбол клубының басшылығы өзгерді

Футбол

"Ақтөбе" футбол клубы Директорлар кеңесінің кезекті отырысында жаңа төраға тағайындалды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Болат Бауыржанұлы Мажағұлов бұған дейін Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы лауазымдарын атқарған.

Жаңа төраға Директорлар кеңесіне мүше және тәуелсіз директор ретінде "13 сектор" жанкүйерлер қозғалысының өкілі Фархат Имашевті қабылдауды ұсынды. Сондай-ақ отырыс аясында өткен маусым қорытындыланып, клубтың келер жылдағы бюджеті мен басқа да маңызды мәселелер талқыға салынды.