Испания әлем чемпионатының рекордын жаңартты

Испания әлем чемпионатының рекордын жаңартты
Футбол

Әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде Испания Коста-Рика құрамасын 7:0 есебімен жеңіп, жаһан біріншіліктері ойындарында допқа иелік ету көрсеткішін жаңартты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Осы матчта Испания құрамасы ойын уақытының 81,7%-ында допқа иелік еткен. Бұл - әлем чемпионаттарындағы жаңа рекордтық көрсеткіш. Бұған дейін допқа иелік ету көрсеткішінде Аргентина құрамасы үздік болған. 2010 жылғы әлем чемпионатында Грецияға қарсы өткен матчта оңтүстік америкалықтар ойын уақытының 80,3%-ында допты өз иеліктерінде ұстаған. Осы көрсеткіш бойынша үшінші орында 2018 жылғы әлем чемпионатындағы Ресей мен Испания арасындағы матч тұр. Мұнда Испания құрамасы жалпы уақыттың 78,9%-ында допты өз бақылауында ұстаған.