Эннер Валенсия голын досына арнады

Эннер Валенсия голын досына арнады
Футбол

Катардағы әлем чемпионатының алғашқы матчы өз мәресінн жетті. Жарыс иелері Катарды 0:2 есебімен жеңген Эквадор құрамасының ойыншысы Эннер Валенсия дубль авторы атанып, соққан екі голын да досына арнады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Эквадор құрамасы мен “Бермингем” командасының экс-ойыншысы Кристиан Бенитес футбол жанкүйеріне жақсы таныс. Оның 27 жасында жүрегі тоқтап қалған және сол сәтте ол Катар астанасында болған.

Эннер Валенсия ғана емес, Катар ойыншылары бүгінгі соғылған екі голды да Бенитеске арнады. Бәрі бірге аспанға қолдарын көтеріп, Эквадордың экс-ойыншысын еске алды.