Эквадор әлем чемпионатының алғашқы матчында жеңіске жетті

Эквадор әлем чемпионатының алғашқы матчында жеңіске жетті
Футбол

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының алғашқы матчы өтіп, Катар мен Эквадор арасындағы жеңімпаз анықталды. Эквадор құрамасы 0:2 есебімен алаң иелерін тізе бүктірді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Эквадор сапынан екі голды да Эннер Валенсия соқты. Ол бірінші голды пенальтиден соқты. Бұл - әлем чемпионаты тарихындағы 11 метрлік қашықтықтан соғылған алғашқы гол. Бірінші гол 16-минутта соғылған болса, 31-минутта Эквадор капитаны дубль авторы атанды. 


Осыған дейінгі әлем чемпионаттарының алғашқы матчында жарыс иелері жеңіске жетіп келген екен. Ал Катар құрамасының жеңілісі 92 жылға жалғасқан серияны үзді.