Төрт жылда бір келетін футбол додасы басталды
Футбол
20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтетін футболдан әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Енді футбол жанкүйерлері бір айға жуық уақыт бойы түрлі эмоцияны бастан кешпек, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Әлем чемпионатының ашылу салтанаты 60 мың жанкүйер сыятын “Эль-Байт” стадионында өтті. Биылғы әлем чемпионатында 8 топқа бөлінген 32 құрама өзара бақ сынайды.
Санаулы минуттардан кейін осы “Эль-Байт” стадионында алаң иесі Катар мен Эквадор арасында әлем чемпионатының алғашқы матчы өтеді.