Футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтеді

Футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтеді
Футбол

Бүгін Катарда футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты жалауын желбіретеді. 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтетін дүбірлі доп додасына 64 елдің ұлттық құрамасы қатысады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Катардағы әлем чемпионатының ашылу салтанаты бүгін кешкі сағат 20:40-та өтеді. Оның тікелей көрсетілімін “Qazaqstan” және “Qazsport” телеарналарынан көруге болады. Ал одан кейін биылғы жаһан біріншілігінің алғашқы матчы жарыс иесі Катар мен Эквадор елдері арасында өтеді. 21:50-де басталатын матчтың тікелей көрсетілімін “Qazsport” телеарнасы ұсынады.