MMA-ден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында топ жарды

MMA-ден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында топ жарды
Басқа

Таиландтың Паттайя қаласында GAMMA тұжырымы бойынша MMA-ден өткен Азия чемпионатында үздік атанды. Жалпы есепте 1-орын алған Қазақстан құрамасының қоржынында 10 алтын, 13 күміс пен 2 қола медаль бар. 

Сондай-ақ, Striking MMA санатында бақ сынаған отандасымыз Алмаз Сәрсембеков 61,2 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанып, келер жылғы “ONE FC” лигасының іріктеу кезеңіне шақырту алды.