Қазақстандық хоккейші еуропалық клубқа ауысты

Хоккей
Қазақстандық қорғаушы Данияр Ғабдуллин енді Литвада өнер көрсетеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ол "Каунас Сити" командасының құрамын толықтырды. Өткен маусымда Данияр Ғабдуллин Қазақстан чемпионатында сынға түсіп, "Ертіс" хоккей клубында ойнаған. Маусымдағы 44 ойынға қатысып, 2 гол, 5 нәтижелі паспен көзге түскен.
Одан бөлек, Данияр Ғабдуллин шайбалы хоккейден жасөспірімдер және жастар құрамасында да ойнады.
"Каунас Сити" командасында тағы бір қазақстандық ойыншы ойнайды. Қақпашы Демид Еремеев те литвалық команданың сапына биылғы маусым басында қосылған болатын.