Дзюдодан Қазақстан чемпионатының үздік үштігі анықталды

Дзюдодан Қазақстан чемпионатының үздік үштігі анықталды
Дзюдо

Дзюдодан ел біріншілігінің кезекті жарыс күні аяқталып, үздік үштік анықталды. 


Дзюдодан 2022 жылғы Қазақстан чемпионатында медальдар саны бойынша Ақтөбе облысы 3 алтын, 1 қоламен көш бастап тұр. Ал қоржынына 2 алтын, 2 күміс және 3 қоламен жарыс иесі, Атырау облысы екінші орында. Алматы еншісінідегі екі алтын, бір күміс және екі қола жүлде қаланың үздік үштікті түйіндеуіне көмектесті. 

Дзюдодан ел чемпионаты 15-18 қараша күндері аралығында өтіп жатыр. Оған 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қаланың 500-ге жуық спортшысы бақ сынап жатыр.