Дзюдодан Токиодағы Grand Slam: Қазақстан намысын 22 спортшы қорғайды

Дзюдодан Токиодағы Grand Slam: Қазақстан намысын 22 спортшы қорғайды
Дзюдо

3-4 желтоқсан күндері Жапония астанасы Токиода дзюдодан “Үлкен дулыға” кезеңі өтеді. Халықаралық жарыста Қазақстан намысын 22 дзюдошы - 12 ер және 10 әйел қорғайды. 

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин (60 келі), Есет Қуанов, Ермек Амангелді (66 келі), Жансай Смағұлов (73 келі), Абылайхан Жұбаназар, Максим Мейірлан (81 келі), Дидар Хамза (90 келі), Нұрлыхан Шерхан, Бекарыс Сәдуақас, Ғалымжан Қырықбай (-100 келі).

Әйелдер құрамасы: Абиба Әбужақынова (48 келі), Гауһар Ирмағамбетова, Толғанай Әбеуова (52 келі), Дана Әбдірова (57 келі), Самалай Ерғалиева, Есмігүл Күюлова (63 келі), Анастасия Маякова (70 келі), Аруна Жангелдина (78 келі), Камила Берліқаш (+78 келі).